27.08.2022
  106


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Абаймен әңгіме

(толғау)
«Кісіге қарап, сөз алма!..» деп ең кемеңгер,
Ұға ма оны кеудесі бітеу кереңдер?!
Көңілден өшпей, өмірден ерте көшті ғой,
Мағжан сынды, Шәкәрім сырлы тереңдер.
Естісі бітіп, ешкісі нұқып, кіжіндік, Бұлтартпай
бетті, тіл тартпай кетті, өнерлі ер… Айдың аты
да, кұннің сәті де ауысып, Ұмытқан мүлдем
тұлпары тұрған дереңді ел.
Былыққа жарып, ұлыққа жағып, құтырған,
Мұсажан сені тонатса, тосып Мұқырдан.
Оның да қортық қошқардай езі қожаңдап,
Өсіп-өнетін ұлыңнан түгел құтылған…
Жаманға жаппай, заманға жауып жаласын,
Кінәлілері торайдай төмен тұқырған…
Айдатып ерді, байлатып елді тұсаған,
Кердеңдей басып, кекіріп жүрсе, ісі арам.
Шақырып келіп, сапырып беріп… аяғы.
Шоқынып өлді, өкініп өлді Мұсажан.
Бақсысы ойнап, бақасы тойлап жатқанмен,
Қарғысың тиіп, оңбады болыс құсадан…
Үйірсе сойыл… Оразалідей қас-жауың,
Бекер-ақ болған көрбала көзін ашқанын…
Беліңнен сынса, күміс кісеннің ілгегі,
Түнеріп түсің, төңкерілген-ау, аспаның!..
Сілесі қатса, сілемін айтқан заман-ай,
Қылмысын қымтап, сұмпайы, содыр, тазшаның.
Сабатып қырдан, қаматып тынған басыңды,
«Қитығын» қара, сиқырын қара, ақшаның?!
Өзіңді-өзің сілкілеп, алып шақпасаң,
Айдатпақ екен параға беріп, бастағын…
Кереңі соның «керегін» елден қымқырып,
«Өнерлі» атанды, маскасын киіп, басқаның…
Дарынсыздардан, қарымсыздардан қол жиып,
Көрсетпей келген, өнері өте асқанын…
Жауыздықтарға, ауыздық қажет, әйтпесе,
Сұңғылалардың сөнуі – тіпті қас-қағым.
Тағдырдың таңдап тырақылықты жазуын…
Мысқылдар едің, көзіңмен көрсең залымын.
Сұмдыққа ғана, ұрлыққа дара құныққан,


Қақса да қоймай, қасқа тісін, азуын…
«Үретін иттің, күлетін» көлгір күшігі,
Он есе пысық тұқымынан тазының…
Түлкіге шаппай, Төкенге «шауып» талтүсте,
Сыбағасын сыпырып кеткен жауызың!
Озбырлығы да Оразәлінің өзіндей,
Жемтік көрді ме ашады оқыс ауызын…
Ырғалып келіп, сұрланып қайтса, тойыңнан
Солай да солай… тапқан ғой тағы азығын…
Ойласам, бәрін, көңілге көлдей толар мұң,
Қыстауын даулау – ойыншық екен Қодардың.
Отыз жыл аулап, қарсағыңдай сонардың,
Ұрынып қалды, қырылып қалды көп арлың,
Көсілген бейіт, кесілген орман кейіпті,
Тұнжырап тұлдыр, түбіріндей томардың,
Құныкер қонақ «Дегелең жақта» деседі,
Орыстың тілін, болыстың түрін білуші ең,
Мәнісін айтшы, халысын айтшы солар кім?..
Бөжейше оған ас беріп, ат та тұлдамай,
Өліп те жатты… көміп те жатты қулар-ай!..
Аштықтың сұмдық сойқанын көрсең баяғы,
Қалшылдар едің қаңтардағы бурадай.
Түндігі жабық, жаназасыз қалған ауыл көп,
Осыны көріп ішіп те кеткен Дударай.
Қашқаны қашып, қалғаны шошып, қайран ел,
Торғайдай тозды-ау, көзінің жасы құрғамай!..
Орыстың тілін, ұлықтың бетін білуші ең,
Қазақта құн жоқ, қонақта үн жоқ, бұл – қалай?..
Құн сұрау түгіл, сусырып адам, мал-дағы,
Тұрағұлыңша тура айтатындар қалмады.
«Сұмырай келіп, су құрып…», бәле тудырып…
Құдықтар қурап, өзендер өшті арналы…
Қамығып, қанша күрсіндің екен, жарықтық,
Ішіңді өртеп, еліңнің мұрат – арманы?!
Деміңнен тіпті көк жайлау күйіп кеткендей,
Далаға шауып, «сен ішкен удың» тармағы,
Кещелер үшін кешірім сұрап келдім сан,
Құнарлы ойдың құдіреті күшті тарланы!
Жалбақтап жүрмей, салмақтап жұрмін барлығын,
Ұйқымды шайдай ашатын еді зарлы үнің…


Сенетінің де, келетінің де болар ма ем,
Туылсам егер, өз ғасырымнан сәл бұрын.
Біреуі болдым «сөзіңді езден» қорғаштап,
Намысқа шабар, қарысса, шабар нәрлінің.
Тарқаса кегің, айқасар едім, ендігі
Ақын жолының кеңейту үшін тарлығын…
Тойыңды құдай қолдады білем, ұлан жаз
Қураған тұсқа күбілеп, құйып жаңбырын.
Қонысың көктеп, қалпына келді байырғы,
Жібітіп жындай Шыңғыстың кепкен тандырын.
Шаңқан боз үйлер мыңдаған аққу тобындай,
Пахидан соны жайнатып тұр ма жан-нұрың?!
Алты алаш түгіл, алты құрлық тамсанып,
Тамашалады жүз жасқа балап, әр күнін,
Аруағың аунап, солқ етті де жұмыр жер,
Қарауылыңнан… ғарышқа төте қарғыдың…
Қаскүнемдердің «мыңымен жалғыз алысса»,
Желкелейтінін көзіммен көрдім арлының…
…Кесенең – мынау!.. кешегің – анау!.. Дүние,
Мойындап тұрды… ақында кие барлығын!..
Тоқтамыс елі тойтарып бетке түкірді-ау,
Содырдың сонау сұқтанған шерміш, дәлдірін!..
Ақынды демеп, батырды елеп жатсақ та,
Босадым ойлап перзенттеріңнің тағдырын…
Елағасына көріскім келді, сондықтан,
Перзенттеріме тұмар ғып, күллі жарлығын!..



(1978 жылы жазылып, тойдан соң өңделген)





Пікір жазу