27.08.2022
114
![](/uploads/shorttexts/author_image/bb4e7c57ec76bc7d29bf1532679e7398-original.jpg)
Мінез
Қажытай Ілиясұлына
Иесі кім мынау шалкез құла аттың?
Жымқырулы оған біткен құлақ тым.
Алдына бар-тік шапшиды кісінеп,
Артына бар- тепкілейді бұл әккің...
Иесі оның деді біреу Қажы ағаң,
(Қажы ағаңды тағдыр талай қажаған)
Иесіне ұқсайды екен жануарМезі болған арба, соқа, жазадан...
Аламанда ақ сұңқардай самғайды,
Соңындағы жүйріктерге-шаң қайғы.
Дөңгелетіп, шырқ үйіріп әп-сәтте,
Көз алдыңа әкеледі шалғайды...
Жәркен БӨДЕШ
Ақын, Халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты