26.08.2022
138
Тоқтаболат дүкенінде
Айтулы, аты шығып ұсталықпен,
Үнемі несібесін тыста күткен.
Ойы-озық, бойшаң емес, Тоқтаболат
Тұлғасы шымыр, мығым қысқа біткен.
Өзгеден айырмасы қасы-қалың,
Халқының қадірлейді асыл әнін.
Әйтеуір екі қолдың арқасында,
Көрмеді ел тарыққанын, жасығанын.
Сүйініп, Тарбағатай сеңгіріне,
Жұртының дән риза елдігіне.
Көгерсе көсегесі батаменен,
Ағайын жүз жасатпақ енді, міне!..
Басынан өткен кұнді сағым дерсің,
Жаңаның демі жетіп, дәмін көрсін!..
Құдайдың қолында ғой бәрі-дағы,
Әйтеуір көп тілеуі қабыл болсын!