26.08.2022
125
![](/uploads/shorttexts/author_image/bb4e7c57ec76bc7d29bf1532679e7398-original.jpg)
Езуден енші
Тасқындай жұрдек қаламы қайсар, қажырлы,
«Қауіпті қазақ» – жазушы-Жанат қазіргі!..
Ұлтының үні, жұртының мұңы мойнына, Өз
саусағымен өзіне артқан ажырғы
Қамытты біліп, шабытты білмес қаскүнем,
Кілпілдеп жүрер, үрейлі көздің астымен.
Жорғаңды жосылт, жазушыларды аулайтын,
«Қақпанның» енді жоғалғанына бәс тігем!
Жаратылғаннан жақсыға ғана құнығар,
Қанаттылардың құпия құлпын кім ұғар?!
Мойындаса, сойылдаған итақай,
Қазақтың ғажап түзелетұғын түрі бар!..