26.08.2022
  110


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Мүшел тойда

(профессор Ә.Аблақовққа)
Шашты сәл-пәл сұйылтқанмен, тартыс кей,
Алпыс деген өзің үшін талтүс қой.
Атқа мінсең қыз қуатын жігітсің,
Ән салғаның анау-мынау әртістей.
Орыс қызын үйіргенде ұршықтай,
Өзбек қызы шырылдайды шымшықтай.
Вальс пе, лезгинка ма, полька ма?
Би жарыстан, жүлде аласың құр шықпай.
Құдайға шүкір, қол-аяғың балғадай,
Нұр таймаған екі бетің алмадай,
Қырық жастан парқы бар ма алпыстың,
Уа, Әбеке, жөніңді айтшы, қал қалай?..
Үлгі шашып әалаға да, қырға да,
Тоқсанында тоқал алса, Зілқара.
Қыста қазы, жазда қозы жейтұғын,
Қу шалдардың айласы ма бір ғана?!..





Пікір жазу