meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.08.2022
  132


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ташкемпірге

Түйсінген дүниенің тегіс тілін,
Өзі едім ғой тік өскен жемістінің.
Басында батпан-батпан мін болғанмен,
Басқаның кешірмейтін кемістігін.
Білінбей тентектігім, терістігім,
Сенімен кеңейердей кеңістігім.
Тұра ма, тұяғыңа торғайым-ау,
Жинаса қыз-қырқынын жер үстінің.
Көрсетіп ықыласын келістінің,
Сыйлайсың серісіндей жер үстінің.
Сондықтан, өзімді орап ұсынайын,
Өзім жазған өлеңнің ең ыстығын.





Пікір жазу