26.08.2022
  135


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Дәрігерге

Балтабекке



Қалмаспын деп дәл осы күзден аман,
Үмітін тіршіліктен үзген ағаң.
Мені де санатыңа санағайсың,
Күніне алғыс айтса жүздеп адам.
Келгеннен түзу ұшып түтіндерің,
Жыртығын көңілімнің бүтіндедің.
Айығып кетемін-ау құлан-таза,
Палуанға түсетіндей күтімдемін!
Ақынның арманы көп, бір төбесі-ем,
Ішім-құса, қаламды сілтемесем.
Кім білсін, бастың қайда қалатынын,
Тірілер тізіміне тіркемесең



2008 жыл





Пікір жазу