26.08.2022
  64


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Мағирашқа

Шүкір Алла, ортаның үлгісіміз,
һәм білгір, һәм өнерлі бұл кісіңіз.
Салт-сана, ән мен әдеп бағаланса,
Сарапқа түскендердің құндысы – біз.
Тал түсте қыз елеуге келе ме екен.
Болмаса бір жұмысы түнгі тығыз?..
Енді елу жыл қосылып «Әпитөкке»
Көктем сайын құлпырсын жыл құсыңыз!
Серідей бір ауылды бағар еді-ау,
Бүркіт салып кетуге тумысы қыз!





Пікір жазу