26.08.2022
98
Күйші көрішсі
(Біләл Ысқаққа)
Атақсыз ағылса да жыл алыстап,
Күйімен көлік мінген Біләл Ысқақ.
Қазақта мұндай дегдар бірен-саран,
Шынымды айтсам, қолыма кұран ұстап.
Ұқсайды қалың койған қасы мұртқа,
Қадірлі қайда барса, басы жөртқа.
Сыпайы, сынық күйі, сырбаз қалпы,
Асырып, сөйлемейді, жасырып та.
Кірі жоқ, зілі де жоқ ар жағында,
Көңілі күйдің інжу-маржанында...
Бойында дүниенін күйтабағы,
Мұңы да дүниенің бар жанында.
Алмаса заман тәлім бұл, кісіден,
Асылдың айрылады үрдісінен.
Құдай бізге тірі күй жасап берген,
Кәукен Кенжетаевтың үлгісімен!..