26.08.2022
  114


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Тілек

(Рымбек Тазабековтың мерейтойында)
Ата-баба әдетін бұрынғы өткен,
Көрем ылғи тек осы Рымбектен.
Сыпайы, сүйкімді еді жас шағында,
Қыздардың жан-жүрегін дірілдеткен.
Академик болуы мұнда түр ғой,
Қылым қуса, атағын дүрілдеткен.
Үлгі етіп, Тазабектің тазалығын,
Азабын арқалады қазағының…
Жүзге де жеткізбей ме дедектетіп,
Алпыста дәмін татса «базарының?!
Бірақ бұл тоқсанында тоқал алып,
Бірі болып шықпаса, «жазалының?..»
Келін енді «ондайдың» алдын алса…
Әй, бірақ әттеген-ай, қалды қанша?!
Тоқал тұрмақ, тобық та ойналмайды.
«Қауіптің» алдын алып, «дағдыланса»!..
Әйтеуір ғұмыр-жасы ұзақ болып,
Арманы сөнбесе екен алжығанша!





Пікір жазу