26.08.2022
109
Нұрғали Мамыровқа
(«Аман бол, ағаларым» әнімен)
Қарманып, қанаттанып «Алғабастан»,
Құстайсыз күллі таудан самғап асқан.
Толғанып, дүниенің төрт шетіне, қазақтың
Қажеті үшін таңба басқан.
Қайырмасы:
Тәлімді дарқан аға,
Халқына қамқор аға.
Затыңыз тартқан екен,
Қастерлі қарқараға.
Туыпсыз бетке ұстап сері күзді,
Өткен күн елді ойлайтын ерін үзді...
Биікке енді қалай шығармақсыз,
Жері бай, сағы сынған еліңізді?
Қайырмасы:
Ұқпаймыз ақыл-ойы аласаны,
Тек сізге не айтсаңыз да жарасады.
Жүріңіз аман-есен бағымызға,
Көп емес, бөл қазақта дана саны!
Қайырмасы: