26.08.2022
  82


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Тойда туған жыр

Ақын Шәкір Әбеновтің 90 жылдық мерейтойына Жазушылар
Одағының делегациясын бастап барған халық жазушысы Қалихан
Ысқақовқа сөз берілді. Қалекең осыдан бір жыл бұрын Шәкір ақсақалдың
Олжас Сүлейменовке кіріп (ол кезде Олжас Одақтың төрағасы болатын),
екі-үш түрлі бұйымтай айтқанын хабарлады. Біріншісі – екі том, жазғансызғаным бар. Соны шығарып бер! Екінші – 1943 жылға дейін «Халық
ақының деген атағым болған, сонымды қайтартып бер! – деп отырып
қалады. Олжекең –ал үшіншісі, – деп саусағын санағанда, Шәкір ақсақал
түрмеде барлық уақытым өтіп, есемнен кеш қалдым. Енді тездеп бір қатын
әпер! – депті. Қалжыңдап отырғанын Олжас та біле қойып, дереу Сайын
Мұратбековті шақырады. – Мына кісі бір кемпір керек деп отыр. Бізде
лимитте қанша кемпір бар? – депті көзін қысып. Бірін-бірі қабақтан
түсінетін өңшең сөз зергерлері жауап таппай ма?!
– Отырса тұра алмайтын, тұрса отыра алмайтын 5-6 кемпір бар.
Тамағын өзім істеп, кірін өзім жуып күтемін десе, біреуін берейік, – дейді
ғой баяғы.
Сонда Шәкең:
– Ойбай, маған бала таба алатыны керек, – деген екен. Онда көрерміз
десіп, күлісіп шығарып салады. Қалихан сөз арасында, Олжастың осы
сәлемін жеткізді.
– Әлі адам іздеп жатырмыз. Ойдағыдайы кезікпей тұр. Енді бір 10
жылға шыдасын! Жақсысын әперемін, – десе керек, сәлемінде.
Мен жаңадан Шәкеңе арнап өлең жазып отыр едім. Осындай
дуылдаған күлкінің арасында сол кездегі ауданның бірінші тұлғасы Хафиз
Матаев екінші сөзді маған ұсынып қалғаны. Соңғы шумақты
призедиумнан мінбеге барғанша ойланып, жағдайға қарай үстінде айтуыма
тура келді. Мәтіні былай:





Пікір жазу