26.08.2022
  99


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Пернебай

Берік ең, сыртқа сырды жаймайтұғын,
Тіл-аузын көрген әыздың байлайтұғын.
Періште алтын көріп, жолдан тайса,
Сен ғана тағалы атгай таймайтұғын.
Ол кезде еркелетіп «Пернеш» дедік,
Айтқан жөн әлеуметке енді естелік.
Біз сені Зағишаға сеніп бердік,
Әйтпесе, басқасына бермес пе едік?!
Тереңдеп, тебіреніп түйген ұғар,
Жаның тым нәзік еді-ау, күйге құмар.
Беріп те жіберер ең ұнағанға.
Тірнектеп жиғаныңды үйдегі бар.
Табындың тәңіріңдей «Керуенге»,
Ойнатсаң, жеті түнде ерінем бе?!
Бағым ба деп ойлаймын Гитараны,
Серімен табыстырған перімен де.
Еңбегің елестетіп, лағыл тасын,
Сирепті-ау, оқ етпестей қалың шашың!
Тап-таза бітіміңмен, пікіріңмен,
Білетіннің бәрін де сағынтасың.



1995жыл





Пікір жазу