26.08.2022
  102


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Үлгі

(Г. Рамазанқызына)
Киеңнен келеңсіздер үркіп жүрсін,
Көзіңнің көрегені-ай, шіркін, Гүлсім!
Ниет-ақ, ойың – ұшқыр,
қолың-торғын,
Дертімнің кім өзіндей кілтін білсін?!
Басыма күдік-күмән қораланып,
Көзімнен өкінгенде, сорам ағып.
Жыл бойы аунай алмай,
төсегімнен,
Жаттым-ау, мүсәпірдей домаланып!..
Жейдеше жеке киіп, мұңды мүлде,
Ұрып ем, таңды-таңға, күнді-күнге.
Қатпаған қабырғасы өңшең ұсақ,
Тапсырып кетермін деп ұлды кімге?!
Өмірді олай ойлап, бұлай ойлап,
Түңілгенде, кімге-кім кінә қоймақ?!
Әйтеуір шықпас жанның
себебіндей,
Кез келдің қиуадан құдай оңдап.
Ем-домың еліктіріп, қиялымды,
Көмейден ән, көңілден күй ағылды.
Мызғыппын әу, дегеннен жан жадырап,
Күн өзын серпи алмай тұяғымды.
Тастаттың таяқты да бара-бара,
Жақсы үлгің жалпақ елге тарала ма!
Түбінде сен жеңесің,
жетесің де,


қай-қашан, ағың-ақ қой, қара-қара!..



1998 жыл





Пікір жазу