26.08.2022
  177


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Сүрінген тұяқ

Сүйегі – ақын, сұсы – әкім, реңі – бала,
Өзгеден үлкен жаралған жүрегі дара.
Шаңырақпен шашақтау – Алматыны,
Шарапатты ісінің біреуі ғана.
Пәктігі – тәлім, жұртына ақылы – қорған.
Асылық көрсе, азамат тақымы – зордан.
Тарғыл тарих шошытқан шоғырлармыз ба,
Ақыны әаңғып, құритын батыры қолдан?
Мейман емес, билік те күніне келер,
Терезесі жанының тілі мен өнер.
Тақырда тайса табаны жалындылардың,
Кімі көктеп, естінің кімі көгерер?!
Алды-артына әараса, атәа мінгені,
Жүрек жұтқан ер еді ол хатқа ілінгені.
Тамсандырар тар жолда тұлғасы түгіл,
Асыл пышақ қайтеді, қап түбіндегі?..



1994 жыл





Пікір жазу