26.08.2022
176
Бір бидай
(Рудаға үй-ішінің одасы)
Өзгеге арман түс болсақ,
Көре алмас мәңгі қылжимай…
Ауыздағы тіс болсақ,
Ерін болдың ыржимай…
Ұядағы құс болсақ,
Жем тасыдың қырғидай.
Дорбадағы дән болсақ,
Үш тал арпа, бір бидай.
Ордадағы хан болсақ,
Ылғи ерке, ылғи бай
Жанымыз ашып сондықтан,
Тұра алмадық жыр құймай.
1995 жыл