Сүйегі асыл сұңғыла
Т. Кәкішевке
Қадіріне жеттік пе, асыл ағаның?
Бұрынғыдан бүгінге керектілердің,
Қалай жиған қамбадай басына бәрін?!
Қанаттыларды тоғытса, азапқа қарпып,
Түйсінген ерте тумысы «Садақта»* балқып
«Қалияның»** тәлімі-дәлелдеп тұр-ау,
Дарынды жұрттың жоқтығын
қазақтан артық!
Алуан архив ақтарып, қалалы жерден,
Жалындыларға жабылған жаланы көрген…
Қолымен құмның алғандай алтынын екшеп,
Тірілтен тінтіп, не дегдар, дананы көрден.
Қылкөпірлері қиямет қысқа да, ұзын,
Буалдыр тартты түріндей түс ғажабының…
Тұяғын қақпай, өтуі-туралығы ғой,
Жалаңаяқ басқандай ұстара жүзін…
Жетпіске жетсе, жігіттей жілігі майлы,
Білгірлігі мен қазақы қылығы ұнайды.
Керенау кеще кешегі керілдескенмен,
Шошынады көргендей тірі құдайды
Сүйініп соған асылса, қыз бала қолы,
Әлдекімдердің сіресіп, сызданар өңі
Тоқсанында аруды әнімен ерткен,
Жасай берсін, жарықтық,
Зілғара жолы!
Құрдасы кейбір таянып, таяғын имек,
Хал сұрағанда, еңсесін аяғы билеп.
Сүйегі асыл сұқтанып, сұлу жарына,
Қутыңдар еді «Инші алла, баяғы күй» деп.
Күттірсе өзін, көрікті, көркем есімге,
Мықтылығы ғой, күндесең, өртенесің бе?
Жеңгеме сыйлы төбе би, елге де сыйлы,
Жарасар еді жалпыңа төр төбесінде.
*қазақша жарық көрген журнал
**Медрессе атауы
1998 жыл