26.08.2022
  224


Автор: Жібек Ысқақова

Оның аты өлмейді

Әліпбиін үйреткен қазағыма,
Мәңгілікке өлмейді оның аты.
Ахмет Байтұрсынов атамыз бұл,
Ұмытылмай ұрпаққа жеткен хаты.

Тарихта ерекше боп қалған аты,
Қазақ тілі жолында етіп еңбек
Ұлтымыздың жанашыр қайраткері,
Бүгіндері хаттары тұрған сөйлеп.

Ол расында ерекше, дара тұлға,
Әліпбиді сөйлетті, қазақ тілін.
Елі үшін аянбай ерлік жасап,
Сезінген жан қазақтың азап күнін.





Пікір жазу