Таңдайдың табиғаты
Ауылдың әлпештеген Таңдайы едің,
Өзің теңдес баланың маңдайы едің.
Қолдағысын құрбыдан аямайтын,
Біреуге бай, біреуге нандай едің.
Оқуға өзі тұскен Таңдай едің,
Студенттің бетке ұстар маңдайы едің.
Жастықта неше түрлі болады ғой,
Қыз-қырқындар жағына қандай едің?..
Дағдыланған балалық шақтан күліп,
Мінезіңе жоқ еді жаттандылық.
Сен-дағы бір биіктен шығасың-ау,
Қауыптың қақпағынан аттап жүріп.
Үлгі тұтып, озғанды іріктейсің,
Жаман-жұтық сөзге де ілікпейсің.
Көңіл жай, жүйке тыныш, сондықтан-ау,
Қырыққа ілікпеген жігіттейсің.
Сөзің майда жолаушы жорғасындай,
Бастық болдың салмағы қорғасындай.
Қылым менен жазуды ұштастырған,
Ұқыпты едің татардың молдасындай.
Отырғаның құты бар тақ секілді,
Сыртың аппақ, ішің де ақ секілді.
Ендеше, жүзге дейін отыра бер,
Айналаңа қонатын бақ секілді.
1997 жыл