25.08.2022
  210


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жұмбақ өлім

(Зәки Ахметовтың асында…)
Соқырға айналасы қараңғы жар,
Жұтады айтылмаса, адамды зар,
Жаныңды жалықтырған жасандыға,
Батырдай қарсы шаптың қамал бұзар.
Адамзат өнер тілін ұғынғалы,
Ерекше бір сәуле едің ғылымдағы.
Даңқың бар, даңғылың бар сайрап жатқан,
Естіге айдан анық мұның бәрі.
Егіліп ыстық жаспен жуған өңін,
Күрсініп қала берді туған елің.
Шешпейтін жұмбағы жоқ кемеңгер ең
Шешілмей тұр тек осы «жұмбақ» өлім.





Пікір жазу