Баукеңнің көзінше
Ертеңгіні, елдікті ойлайтындардың,
Түбіне жетпей, түртініп қоймайтындар кім?..
Жөматайша айтсақ, күн көру тәсілі екен ғой,
«Ақын өлтіру ойынын» ойнайтындардың.
Осы «ойында» намыссыз жауым жамаған,
Жиіркенді ме, жарыәтыә, ауыр жаладан?
Арыстандай аәырып, сөзімді бөлгенді,
Таяқпен тарта жаздаған Бауыржан ағам.
Жасыл бөркін шірене шекеге тиіп,
Селк еткізген тұлғасы жеке де биік.
Дәлелдеп едім көзбе-көз мінбеде тұрып,
Бет қалатынын, түбінде бетеге күйіп...
Үстемдік құрса ақиқат, жауыздық қашқан,
Шапалақтарды естідім, нағыз құптасқан!..
Арқаланып кеттім-ау, арқам да қозып,
Бабындағы бәйгедей ауыздық басқан!
Дені сауға топтасып, қисынсыз жала,
Жабатындардың білмессіз сиқын Сіз ғана.
Керең, қортық шал болды осы күнде,
Ізіне шөп шықпайтын сүйкімсіз бала.
Нақақ күйсең, аузыңнан жалын шығады...
Шығармасаң жалынды, жаның шығады.
Әр сөзімді жаңғыртқан шапалақтардан
Миллион кептер ұшқандай жазушы залы.
Бірін-бірі өңшең қырт асыра мақтап,
Жақсы өлеңді жабатын қасына қаттап...
Үлкен, кіші көзінше осындайлардың,
Ит терісін кетіп ем басына қаптап.
Қару ұстар батыр ем, майданға ертеде,
Жетіскендер сағаттық сайранға ерте ме?!
Құдіретің болса, құдайға тіке тілдесер,
Сөйлестірші бір мәрте қайран, Бәукеме!..
1980 жыл