25.08.2022
150
Ақын аға
Қажытай Ілиясұлына
Бітелген көзі тұмадай едім,
Қайнарды келіп сен аштың.
Бойымда тулап құралай-сезім,
Биікті аңсап бел астым.
Нәзіктік менде бұрыннан бар-ды,
Қайсарлық сенен дарыды.
Арманым менің бүрлерін жарды,
Жаныңның түсіп жарығы.
Түсердей келіп сағым да қолға,
Қасиет шашты гүлдер де.
Талпынды арман, адымдап алға,
Ұмтылып ғажап күндерге.
Арманға шоқты тамызған едім,
Ұласты өртке маздаған.
Жырларым саған қарыздар менің,
Сол шоқты көсеп, қозғаған.
Бейбіт ҚҰСАНБЕК
Ақын, сазгер, Республикалық Жастар сыйлығының және
журналистердің «Алтын жұлдыз»сыйлығының иегері