25.08.2022
  202


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Үйлену тойында

Қасымханның тұсы емес, қалың мал сұрар,
Ердің ерін қыз біткен сабырдан сынар?
«Теңін тапса, тегін бер» деген қазақ,
Құшақтасып, қосылсын сағынған сыңар!
Тәрізденіп із кескен кәдімгі аңшыллар,
Бірін-бірі сан іздеп, сабылған шығар.
Бұлықсытқан бураны қос өркештей,
Бір-біріне екеуі табылған сыңар.
Жігіт бәлкім жарлыдай жалынған шығар,
Қыз да сосын ырқына бағынған шығар.
Тым тереңнен ұйлесіп, ұнатудан
Бір-біріне тәңірдей табынған шығар?!
Дұшпан тұгіл, досың да жарыңнан сынар,
Ыдыс-аяқ сыңғырын жадыңнан шығар.
Бір-біріңді тапқаның, танығаның,
Жанатұғын ендігі бағыңнан шығар?!





Пікір жазу