25.08.2022
190
![](/uploads/shorttexts/author_image/bb4e7c57ec76bc7d29bf1532679e7398-original.jpg)
Келешекке кеңес
Өнерпаз болсаң, арқалан
Абай
Келешек, мені түбі түсінерсің,
Жалғыздың топқа қайтып, күші келсін?!
Жұлдызым жүйткімеді ит біледі Өнердің
өкше ізіне түсіп ем шын!..
Күндейтін көріктіні көргенсізге,
Көрсетпей, күмісіңді пісірерсің!..
Тойтыңдап, топ жинайды, тұзақ құрып
Көбік мас, көкірегі – ісіген сұм!..
Тобырдың тұрлауы жоқ тұғырына,
Менсініп, қай көңілдің құсы қонсын?!
Таққұмар тақуа көп талтаңдаған,
Қай дарын қайбірінің түсіне енсін?!
Мен көрген мұз жүректі көрмей-ақ қой,
Көзінің ызғарынан үсінерсің?..
Күншілдік қаусарға да құм құйғызған,
Кәусарды жаны кәусар кісі көрсін!
Күйімді құйқылжытсаң, әнімді айтып,
Арбамай, аспаннан құс түсірерсің.
Тұлпардың тұқымынан тусаң анық,
Көргенде-ақ тұяғымды кісінерсің!..
1990 жыл