25.08.2022
  110


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ақын ажалы

Шырайы шығар кұннің бүйіріндей,
Айбаты Абылайдың дүбіріндей.
Бар еді - ау, бір шоқ ақын Алматыда,
Аяулы алтын балық үйіріндей!..
Сопыдай сөнген екен соның көбі,


Аузына жырдан өзге үйірілмей…
Өмірі өтті, өкініп, екі ортада,
Өлеңін жұрт, қадірінүйі білмей.
Күмістен кұн орнатсаң, көз жұмған соң,
Бір минут тепсінер ме тірі күндей?!
Ой, пірім - ау, қазақ мұндай емес еді,
Озғанды ондырмайтын не кеселі?!
Жақсыны жатырқаса, жаман - жұтық,
Қайда жұр, жөн айтатын ересегі?..
Әлемді айнасынан көрсететін,
Бақастың баспадағы көп есебі
Өзіңе қимаушы еді -ау, өзіндікін!
Барғанның бардай соған берешегі
Шыбыны шырқырамай, қайтсін ақын.


Күншілге байланған соң келешегі?!


Бұлқынып, булықсам да бұлталақтан,
Жанымның шамын жағып, нұр таратқам!..
Кейітіп, кірпігіме тамшы іледі,
Тағдыры дәм татқанның бір табақтан! Төлеген түңілді ме ерте кетті,
Білген соң, түк шықпасын құр талаптан?
Маржанын
Мұқағали мұңға малған,
Дүркіреп, қашқан кезде жұрт арақтан.
Жұматай жұмбақ – жұлдыз былайғыға,
Өлеңнің аспанынан шырқап аққан.
Ендеше, ең қиын дерт іштарлық қой,
Ызғардай өтет ұғын ұлтарақтан…
Шөлдеген жұта алмаса ақыннан нәр,
Кәнеки, парқы қайсы қылтамақтан?..


Мұқатса, дарындыны қыбы қанар,


Сұмдығын сұмпайының кім ұға алар?!


Өлгенше ұлы ақынды көзге шұқу –
Салт па еді бірі нанбай, бірі нанар?!


Көбейген көкала қырт көбелектей,


Үні жоқ уысыңда нілі қалар


Кірпіштей кітабының кейбіреуі,
Ішінде болмағанмен, іліп алар.
Қорлық жоқ бұдан өткен шын ақынға,
Дерттенер некен-саяқ тірі қалар!..



1998 жыл





Пікір жазу