25.08.2022
123
Қару хат
(Ләйлі қызға)
Шақырып шабытымды алыстағы,
Жөн екен жыр жазғаның танысқалы.
Ризамыз гүлбудаңа, осындайдан
Жезденің балдызға ептеп жабыспағы…
Сен өзі ұзынсың ба, қысқасың ба?
Отырған ханымдайсың іс басында.
Босатқан тұтқындарды қыз емес пе,
Байырғы хиссаның көп нұсқасында.
Тебіренсең, өлеңің саулағандай,
Ләйла болсаң, басыңды аш, дауға қалмай!..
Жұматайдан айрылып қалмадың ба,
Тым құрыса, көңілін аулай алмай?!
Әйткенмен, сергітердей батылдығың,
Сөзді қусаң, жауапқа жатыл, күнім!
Еркіндік, еркелігі, тапқырлығы,
Қай-қашан жауып тұрмақ ақын мінін.