25.08.2022
  116


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Күлмесін!

Жұдесем де, жоғалған жоқ мұлде есім,
Танығаным – таққұмар боп жүрмесін?!
Ер азамат қадірлейді бір-бірін,
Әйел ғана ұнатпайды күндесін.
Абақтының бордақтаған бүргесін,
Санадық па батырлардың мүрдесін?..
Қайда барса, қара қылды қақ жарған,
Әділ бидің іздеп келем мінбесін.
Сабақтасым, қанаттасым, тілдесім,
Бекіттік пе, тіліміздің іргесін?!
Жайлы жұмыс жақын-жуық қолында,
Қазақшаны білсін, мейлі білмесін.
Кимесе де ұлдесі мен бұлдесін,
Ел дегенде, аяп қалар ұл несін?!
Бойына оқыс шыр біткендер әспенсіп,
Ақындар мен батырларға күлмесін!



2000 жыл





Пікір жазу