25.08.2022
  84


Автор: Қажытай Ілиясұлы

«Астана» газеті

Ұтылап, ондырмайтын ұстасқанын,
Қытымыр, қызық еді-ау, тұстастарым!
Ат қойып, «Астана» деп айдар тағып,
Тілімді тірілтерлік іс бастадым.
Газет пе, маңайына айбаты кем,
Шіркінді, соксафондай сайратып ем!
Тиынға тірнектеген көзін сүзіп,
Килікті, билікті өңшең пайдакүнем.
Талас боп отырғызу таққа кімді,
Жандайшап, жарамсағы атқа мінді.
Кеңестің кезебінше билеп-төсеп,
Жетімдей жемек екен тапқанымды.
Арман не кәдеге ойың жараса, нақ?!
Алысса, жығылады аласа жақ.
Қор қалды, ақша қалды, басқа қалды,
Басымды шықтым әрең арашалап.
Мінгенің әлей болса, алысқа айда!
Қор қайда, газет қайда, намыс қайда?
Сол атым – құдай оңдап, бас қаланың,
Қонатын құты болып, жабыспай ма?!
Газетке «Астана» деп қойған атым,
Құт болды расында тойланатын.
Қойды біліп, қойшыны білмейтін көп,
Тәйірі-ай, кім бар бізді ойға алатын?!
Той түгіл, түймесін де көре алмаса,
Өстіп жазар, тобырдан тойған ақын?!



1998 жыл





Пікір жазу