25.08.2022
  95


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Құлазыдым

Келбетіңе келісетін наз – қылық,
Тұрушы еді мені ылғи мәз қылып.
Күдіктендің нахақ едім, ақ едім.
Қала бердім өзімді өзім жазғырып.
Бөтен қызбен той үстінде масалаң,
Билегенде баспаладың тасадан.
Неменеге мағынасыз есіріп,
Неменеге ішіп едім, жасаған?!
Содан қайтып әперердей жат кегін,
Оралмадың, сүйкімді едің, тәтті едің.
Көшкен жұртта жапа-жалғыз қалғандай,
Құлазыдым, көп өкіндім, «қап» дедім!





Пікір жазу