meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.08.2022
  142


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Доллар

Шықпағанмен сені ешкім жек көретін,
Шығады екен сен үшін текке өлетін.
Біреуді шолжаңдатып қоясың да,
Біреудің шығарасың беттен отын.
Біреудің төбесінен тұйіп кетіп,
Біреуді сүйрелейсің биікке тік.
Сақардай қайнатасың зығырданды,
Тістінің несібесін, қиып кетік.
Біреуге кепкен тандыр шөл екенсің,
Біреуге дайындалған көр екенсің.
Миллиондар маңдайының тері екенсің,
Біреудің жүзіп ойнар көлі екенсің.



1966 жыл





Пікір жазу