meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  25.08.2022
  154


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Күзгі көңіл

Көк жүзін күміс зерменен,
Кестелеп қайтса, тырналар.
Сыңсыған саздай пернеден
Жаныңда салқын мұң қалар.
Бояулар оңып түздегі,
Ызғары жетіп әрненің.
Жайсыздау тиіп күз демі.
Жабырқатты ма әлде кім?!
Көшіне тұрмын қызығып,
Күрсіне қосып даусымды.
Бір нота кетті-ау, үзіліп,
Аяқталмаған ән сынды!..



1972 жыл





Пікір жазу