25.08.2022
  130


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жолымды кескенге жоралғы

Кещенің шарасы не ескен желге?!
Шыбығым шынар болды өскен жерде.
Шапан жапсам ба деймін жинап алып,
Өмір-бойы жолымды кескендерге!
Жем шашсам, өнердің ақ кептеріне,
Қызғанды тұрмайтындар шерткеніме.
Адамнан ұяла ма, хақтан қорқып,
Бітпесе қылдай қытық беттеріне?!
Құрулы тұзағына бармасам да,
Жаласын жабушы еді анда-санда.
Оятып, шырт ұйқыдан толғандырып,
Нүктемді ширығатын дәл басар ма?!
Ненің төмен екенін, ненің биік,
Сезген соң, қалам алдым, демім күйіп…
Мен мінгенде қиялдың қанатына,
Қалды бәрі тауықтың кебін киіп.



2000 жыл





Пікір жазу