25.08.2022
111
Шақалаққа шапан
(Мұхтар ұлына көрімдік)
Шақалақ әке жолын қуса екен деп,
Тілеймін інілері туса екен деп!
Жаныңды жасытатын шағып, сұғып,
Жауыңның аузына құм құйса екен деп.
Қайыстан, «қалақайдан-қамшы» алсын деп,
Тілеймін жан айтпаған ән салсын деп!
Дүрлігіп дүниенің төрт бұрышы,
Алдынан шашу шашып қарсы алсын деп.
Тілеймін өнерлі де өр болсын деп,
Еңсесі ендігіден зор болсын деп!
Жаңа ғасыр, жақсысын иемденіп,
Жабатын жамандықты мөр болсын деп!
1999 ж