25.08.2022
  164


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жарқын

(Жас нәрестеге ат қою үстіндегі ұсыныс)
Бәйге алсын азаматым, Жарқын атың,
Ұл бол тек жарқын ойға талпынатын.
Аңқылдақ әкеңде өзге бар ма тілек,
Сенімен болса арманы қамтылатын?!
Ақын бол шабыт буып, шарқ ұратын.
Әнші бол көмейінде бал тұнатын.
Күйші бол саусағынан бұлбұл сайрап,
Биші бол қимылында сән тұратын.
Әлемге әйгіленсін Жарқын атың,
Дана бол дарынымен паң тұратын!
Ақын бар сарқылатын, сарқылмайтын,
Сен бол соның бәрінен артылатын!



1965 жыл





Пікір жазу