Ұлыма өсиет
Шешейін құндағыңды талпы, балам!
Бордан да бос болады талпынбаған.
Тоғыз қабат торқаның керегі не?
Керегі – тыр жалаңаш қалпың маған.
Талпын балам, тырбаңдап, талпын, балам!
Бос қалады талпынып, алқынбаған.
Тақтайға жат, сен түгіл, Мәди жатқан,
Бесіктің керегі не алтындаған?!
Әкелік өсиетті ұғын балам!
Бұгін ғалам жәрмеңке дуылдаған.
Әр адам қоғам екен өз алдына,
Сен түгіл, әкең мен де ұғынбағам.
Қайта айтам, өсиетті ұғын балам!
Бүгін ғалам жәрмеңке дуылдаған.
Әуелі азамат бол, ақынның ше?
Пошымы емес, болмысын ұғын, балам!
Кұңірентіп күй шертейін, қымсынба одан,
Ертерек құлағыңа сіңсін балам!
«Қоңыр» мен «Қосбасарды» түсінбесең,
Сәудегер боп шығарсың сусылдаған.
Ұрайын құйрығыңа жыла, балам!
Дұрыстап күле алмайды жыламаған.
Қайтеді ей, бір қаққанға бақыра ма?
Қайтпайтын қайсар десем мына жаман!
Қой енді долыланба, тиіспейін,
Тиіспейім деген соң тиіспейім.
Құмартып Құлыстайдың изеніндей,
Аш, кәне насыбайдан бір иіскейін!..
1971 жыл