25.08.2022
  104


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Қажытай ақынға

Бергенде жырға қанат, сезімге ерік,
Ханның да, қараның да сөзін бөліп.
Атты айтсаң, арқаланып отырады,
Бәйгеде аттан бұрын өзі келіп.
Күйді айтсаң, көңілін бір жайландырып,
(Ұқты екен соның бәрін қайдан біліп?)
«Қоңырын» Әбікеннің шерте қалса»,
Алады тыңдаушысын айналдырып.
Күзетші ақы алмайтын,
Аяулы Арға,
Қаны бар таза тұлпар баяулар ма?!
Қайшылап қос құлағын бір тебеді,
Таяз ба талант-күшің
Таяу барма!
Дақпырты жетіп еді бізге алыстан,
«Жүйрік – деп – бәйге бермес жыр-жарыстан».
Достары мәре-сәре масаттанса,
Дұшпаны у ішіпті қызғаныштан.
Дария сөзге салсаң – жосып ағар,
(Ой болмас пікіріне қосып, алар).
Қаншама жігіттермен араластым,
Көрмедім мұндай жайсаң – досына адал!!!
Бұрқанса таудан тасқын ағызатын,
Мақтаса – тілінен бал тамызатын.
Мінезі – астан-кестен, айқыш-ұйқыш,
Асылы осы болар нағыз ақын.



Темірше САРЫБАЙҰЛЫ
Жамбылдың 150 жылдығы,
Момышұлының 90 жылдығы қатарлы
республикалық жыр мүшәйрасында бірінші бәйгені
үш мәрте жеңіп алған жүлдегер





Пікір жазу