Тәуба
Түп онда... қайдан қаулап, қайда келдік?
Құланға құрық тастап, қауға кердік.
Анығын табиғаттың өзінде оқып,
Телімін таратыппыз таудан өрбіп.
Данасын алтынға орап қойған жұрттан,
Жанасың, қалай ғана тайған елдік?!
Жетем деп кедей байға, бай құдайға,
Тепендеп ел шаптырды найзагерлік.
Жемді ойлап, елді ойламай, күңтамақтар,
Бүлдірген берекені дауда кергіп.
Хан алып, ханның басын, қала қирап,
Тоналып, торуылда орда бөлдік.
Абылай атқа қонса, ашынғаннан
Танымай, таңыр қатқан хандағы ерлік.
Қақ жарған қара қылды әділ би мен
Оқ жанған ұлдар шықты жан берерлік.
Салтынан сал -серісі санатганып,
Шалқыған шағы екен -ау ән келерлік!
Өнбеген тақ таласы ұрындырып,
Көлденең көк аттыға сауға бердік.
Алқалы жау жапырған хас батырлар,
Байқады солардан бір айлагерлік...
Опырып омыртқаны отты қару,
Өкініп, зая кетті-ау қайран, ерлік!..
Асқынып, алтыбақан, алауыздық,
Бастығып, күтті әлгілер жаудан елдік...
Қалтаны балта билеп, бара -бара,
Бүркітті булықтырған қарға көрдік.
Ажалға ақынды айдап, байды байлап,
Батасыз байталын да пайда көрдік.
Тәңірді танымайтын қасапшыдай,
Қылышы қылшылдаған паңнанөлдік...
Ту тұрып, қанды ғасыр қалпағына,
Құлпырып, жанған шамдай сәуле көрдік.
Ардақтап алыптарды, ғарыш барлау
– Кейінгі зейіндіні қайрар елдік!
Алайда, бөл кезеңнің салмағы бар,
Сиқырлы -сыбағалы бай көнерлік.
Төрт түлік мал құрыды, ауыл азып,
Сорғанда солқылдатып саудагерлік.
Жыр тегін, жігіт тегін, жұмыссыздан,
Көпеске ит қадірлі ауға ерерлік.
Пайымды басшыларға жараспай ма,
Тәупиық, таза ниет, тәубәгерлік?!
Таласта өл сөйлемей, пөл сөйлесе,
Қопарып, мұның несін, әурелендік?!
Бұқардай бұзып-жарып шынымды айтсам,
Сұңқардай еркіндіктен, тәуба, дерлік!
2001 жыл