25.08.2022
  86


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Шайхана шарапаты

Таңдай жібітпек ниетпен, шіліңгір ыстықта бір шайханаға кірдім.
Жанымда тиіп-қашып өлең жазып, әнді нашымен айтатын Қазез деген
ағайым бар еді. Әскери шені – полковник, өзі өте пікірлі, силы адам
болатын.
Көп кідіртпей, алдымызға өрік-мейізімен шай әкелді. Қатарымызда
отырған үш-төрт әйелдің «Шәйіңнің түсі не боп кеткен бүгін?» – деген
күңкілін құлағым шалып қалды.
Қарасақ, бізге қойылған айшықты гүлі бар, жарқыраған әдемі
шәйнектің шүмегі сынық болып шықты.
Қазекең даяшыны шақырып алды да: «Ей, ақын, отырасың ба мөлиіп?
Айтшы бірдеңе!» – дегені. Сонда дереу былай деппін:
— Шәйіңнің күндегіден түсі бөтен,
Полковник сый көрмейтін кісі ме екен?
Сыланған бойжеткендей шәйнегіңнің,
Мұрнына жел түскен бе, пұшық екен?…
Қолма-қол басқа шәйнек қойып, шәйін түзегенде тағы бір шумақ
айтыппын. Оны ойға түсіре алмадым.





Пікір жазу