Айтысқа аттанарда
Ошанбай ұрпағы байлаған үйдегі бір шылғи түлкіні илемек ниетпен
сары етін сыдырып отырғанымда, Жұматай (Жақыпбаев) кіріп келді, өзі
аздап көңілді сияқты. Айтуынша, айтысқа қатыстырылатын бір-шоқ жазба
ақынның тізімінен менің аты-жөнімді анық көріпті. Соған екі ойлылау
екенімді өз аузымнан естіген соң,
– Ендеше, – деді ол қолымдағыны орындықтың арқалығына сыпайы
ғана іліп қойып, – Дәл қазір бұл түлкі туралы екі ауыз өлең айтасыз. Сөйтті
де қабын өзі ашып, ішінде тұрған домбырамды қолыма ұстатты:
– Болыңыз, Кәрия! Бұл Сіздің айтысқа бару, бармауыңызды
белгілейтін емтихан, олануға уақыт жоқ. Бұл түлкі қандай түлкі және сіздің
уысыңызға қалай түсті?! – деп дігірлетіп жіберді. Не де болса, құдайдың
аузға салғанын көйтсем керек…
Шіркін, ақын емес пе! Жұматай жас баладай қуанып: – О, Кәрия алып
тұрсыз бас бәйгені! Білемін ғой, Сіз мына түріңізбен кімнің болса да
«пашақ-пашағын» шағарасыз, Кәрия, – деп бетімнен сүйіп, сөз соңын
«Ендігісі жуып-шаюға да байланысты ғой» деп әзілге бұрған еді марқұм.
Сондағы екі-ауыз өлең мынау:
Бұл түлкі ұрғашы емес, арлан екен,
Аяғы жеткен жерге барған екен.
Дегерес шал-шауқаны жылда қуып,
Қулы бір жете алмаған арман екен.
Бұл түлкім, түлкісі екен Қозыбастың,
Өзі – ұры, өзі – жәлеп, өзі – қашқын.
Күн көре алмай жұрген соң, құладүзде,
Қалаға алып келіп, көзін аштым.