25.08.2022
129
Қолма-қол
Тасбұлақ деген ауылда кешкі малдың алдынан шыққан ақ көйлекті бір
жастау әйел көмірдей марқаны екі тізесімен қақпайлап, желкесінен
жетелеп барады екен.
Қасымсейіт, Әукен, Тұяқ тағы басқа өлең жазып жұрген топты
жігіттің ортасында тұрған бір азамат:
– Мына кісіні қолма-қол өлеңге қосқан ақынға бәйге беремін, – деп
қалды. Сонда, мен жалт қарап, бірден айтыппын. 30 жылдан кейін
Тасбұлақ ауылына қайта барғанда бұл оқиғаның басы-қасында болған
Төлеухан деген досымнан көшіріп алғаным бар. Ол былай екен:
Кептердей келіншектің көзі кұліп,
Барады Қарабұйра қозы мініп.
Өлең деген не тәйірі, ақындарға,
Айтқанын ер істесе, өзі біліп.
Бірдеңенің ыңғайы келетіндей,
Жүрмесе, Әукен, Тұяқ мезі қылып.