25.08.2022
184
Жаза
Дүр етіп, топты торғай жасыл нудан,
Ағашқа паналады басын буған.
Жан-дәрмен соңғы екеуі жетті-ау әрең,
Кәдімгі жұдырықтай ашып-жұмған.
Жағалтай қуған екен соның бәрін,
Оқтаулы мылтық еді қолымдағым.
«Ат» деген әлеуметтің өтінішін,
Шалғыдан кесе-көздеп орындадым.
Мүсәпір болды «мықтың» е, дегенше.
Торғай азат көгіме келе берсе!..
Обалын арқалайды бұйрық берген,
Менікі жөн, би түгіл, төре көрсе.
Тигізер мергенмін ғой ондықтарға,
Дарындыны даттаудай қорлық бар ма?!
Жамағатты торғайға ұқсататын
Көңілімде орны жоқ зорлықтарға!