25.08.2022
  207


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Хатқа жауап

(Е. Асқардың «Алматы ақындарына хат» деген өлеңіне орай)
Елірме, еліктесең Ерік Асқар!
Жоталы жүйрік ем ғой сені бастар.
Пышағым қазы үстінен түскені жоқ,
Қоршайды, қошаметтеп сері жастар.
Шабытты шақты қалай тұйінделік?
Қолтықтан көтергендей құйын келіп.
Тараздың бар бәйгесін жеңіп алған,
Алты ақын Маралтайдың үйінде едік.
Ойының ойың жетпес ұңғысына,
Сен одан жыр сұрама, ұлды сұра!
Асылды асыл ғана таниды ғой,
Ат қойған Жұматай деп тұңғышына.
Байқадық бағытыңды қосшы бала,
Олайша Алматыны топшылама!
Байпақты баяғыдай кесіп-пішсең,
Сенің басқан ізіңе шөп шығама?!
Өлеңнің ол кездегі Ақтангері,
Мұқағали басында бақ бар ма еді?!
Талайды адастырған қарт ақының,
Колбинге көк шапанды жапқан жері…
Ол заман жаңылған ғой күйісінен,
Сондықтан, тізгін тартпай, тиісіп ең.
Жеңіліп ат мінетін қай жөнің бар,
Сүйеушің үй тікпесе, үй ішінен?!
Ақынның айнасы ғой адалдығы,
Сөйлесе, жарқ еткізер қараңғыны.
Есімнен кетер емес сондағы бір,
Жікшілдің жылпылдаған арамдығы!..
Әуелі мені дұрыс түсініңдер! Жайым
жоқ жала жауып, кісі күндер. Қазыға
билік берсе, неге кетті,
Қадырлар, тұлан тұтып, Мүсілімдер?!
Ұстазын ұмыттырған балалық-ай!
Сиқырлы, сып-сыпайы амалың-ай!
Бәйгені мен алатын сен алдың-ау,
Айғырдың жемін жейтін жабағыдай!..


Тынбайтын тату досты атыстырмай,
Кім тұрған арамызда, тақыс тұрмай?!
Сүрінбей тірі жаннан жүрсем-дағы,
Айтысқа қойды емес пе қатыстырмай!..
Баяғы Батыраштың көк атындай,
Баян да шошаңдады-ау, қоя тұрмай!
Мен барсам, Замырбекті жеңер едім,
Екеуің балағыма оратылмай!
Шумағы нар күмістен құйылғандай,
Қанибет сөз сұлуын сүю қандай?!
Қырғызға олжа салып оралмас па ем,
Қатырған Қатағанды Сүйінбайдай?!
Ағаңның бұл өмірден түйгенін көр!
Жалғыз-ақ – ақиқаттан имендірер!
Атақсыз атақтының бәрін жеңген,
Айтысты мына менен үйреніңдер!
Мән бермей, мағынасыз айғайға көп,
Ұмтылдым өзімді-өзім қайрай демеп.
Мен сенен үмітімді үзгенім жоқ,
Боз атын босағама байлай ма деп!..
Жиені сияқты едің жақсы атаның,
Ақынға түсіп берген патша тағын.
Байбота, Мәди айғақ айыбыңа,
Атаған қайда маған ат-шапаның?..
Түрің бар Нұрқансыған, өскесіген,
Қазақтың жалықтым-ау, бөспесінен!
Жер болмай, ер болсаң, бір келмейсің бе,
Шаһардай шарабың тұр бөшкесімен?!
Сергітіп кестелі кұз, оюлы кұз, Түртер
ек мұнда отырсаң, ойыңды біз. Құтыға
мойыныңды бұрғызар ма,
*Құланнан құйрық қосқан қою қымыз?!


Өсер ел өрге тартар өнегесін,
Жаңылмай, жақсыны айтсаң,көгересің.


Қол тисе, қоңырсытып көрмек пе едің,
Баян мен Жұматайдың төбелесін?..


Шәмшінің аты шықса, алты арысқа


Өзімдей жүрген шығар қалтарыста?..
Хасөнер қамалыңа қарамайды,
Біреудің бағын байлап, арпалыспа!


Көбейсін, қомақтансын мүшайралар!
Кезең-ау, көксегенің кісі ойланар?..
Өксіткен ондай күндер енді менің,
Басымнан садақадайүш айналар.


Жұматай, маған ерген Дәуітәлі,
Бар ма екен кедергілер әлі тағы?..
Озсақ та, оңалмадық, озаңдадық,
Кім сонда осыөнерді дамытады?!


Тарихтың с үңги алсаң тереңіне,
Берген ғой беретінін ер еліне.
Ортаны ойландырар өлең жазбай,
Халықты қаралаудың керегі не?!


Өлеңнен басыңа бақ қондыратын,
Таразда бет көрістік он бір ақын.
«Қазіргі ел жыр сүймейді» деуің қате,
Кез осы әр жұрекке орнығатын.
Жадырап, залдағының түнергені,
Өлеңнің құйқылжыды-ау, қыл өрнегі!..
Әйгілі Баласағұн сарайынан,
Жамағат түс ауғанша жібермеді.
Айтайын қайсы бірін тынған істің?!


Нұрға орап, көргенімді жырға қыстым.


Көпшілік көкейімде кете берді,
Басындай бұлғақтаған күнбағыстың…
Жыр тумас санаңда сан сапырылмай,
Шыныңды айт баяғының батырындай!
Тарихта «Астана» деп газет ашсам,
Тойынан неге қалдым, шақырылмай?


Жақсыны кәдесіне жарататын,
Айдарлар елді аузына қарататын.
«Астана» болмап па еді мұзжарғыштай,
Тигізіп «Шаңыраққа» шарапатын?!
Арқауын алмас үшін үзіп жырдың,
Кейбірін кейінгіге тізіп жұрмін.
Өзге жұрт аузын ашпай отырғанда,
Жазылып жатпады ма «Қызыл қырғын?!»
Сен оған көзіңді ашып, қарамадың,
Жер-көкті жиһан гездей араладың.
«Астана сөзін тапқан ағам бар» деп
Тым құрса, сыбырлауға жарамадың!
Жұматай келген екен май басыңа,
Не істеп ең, ұлы ақынның пайдасына?..
Әуе ашық, жер жазықта не көрінді,
Зайдасын шатастырып Ләйласына?!
Бәріне көнген бас бар, сөнген қос бар,
Жанымды жабырқатты-ау, өлген достар!
Қойшыны танымайтын, қойды танып,
Сияқты болмаңдаршы бөлген қошқар!..
Қасқайып, әр заманның қаһарына,
Жүйріктің енді іліндім қатарына.
«Қалақай қамшы» деген өлең-томды,
Шығарған өткен жылы «Ата-Мұра».
Жалықпай, сала берсе, бар ынтасын,
Хас өнер қайырмай ма, қарымтасын?!
Мені – бұл, Шәмшіні – ол танып жүрсе,
Құдайым қос Мұхтардан жарылқасын!
Тоғамай тұрғандай бір тоғысты айлар,
Мұныңнан таба алмадық өрісті ойлар.
Жыр-дәмін, ғасыр-қамын қайтпек екен,
Серіктер, Ұлықбектер, Қонысбайлар?
Ниет-жөн, тек талғамға тереңдейін,
Өлең жаз ақын болсаң, менен кейін!
Алғы сөз Ақаңдікі-ау, мұнысы не,
«Көрмегенге көсеу таң» дегендейін?!


Жазған соң, жазбайсың ба, жан бітіріп,
Самалдай сарай ашқан таңғы тұнық!
Мүлгітіп, мұсылманды мұнарада,
Қалатын ай сияқты мәңгі тұрып!..




*Құлан – жер аты





Пікір жазу