25.08.2022
  110


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Шіркін, арман!

Қозғанда саусағымның сиқыр – жыны,
Домбыра, балалайка құйқылжыды.
Бақсыдай балпаңдаған ел ішінде,
Есімнен шығатұғын үй тірлігі.
Ұстасам, ширығып кеп гитараны,
Тереңге сүңгітеді күй талабы.
Өнер деген қонбаса, қонбайды екен,
Жінігіп, талай жанпоз қиқалады.
Шаяндай қабырғамды қыршып алған,
Ұйқымнан оятады-ау, шіркін арман!
Өнерліні халықтан күлегейлеп,
Бек құпия ұстауды кім шығарған?..



1976 жыл





Пікір жазу