25.08.2022
  143


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ашу

Жаным-ау, азап қой бұл сезім деген,
Не керек абзал ойым, сезілмеген!
Қалшитып қармақшыдай есіл арман,
Қанша түн төсегімде көз ілмеп ем?!
Түнердім ұқсап жүзім күзгі аспанға,
Симастай долы шабыт жүз дастанға.
Сезе тұра сезбесең, жасамаймын,
Мұз бассаң да, жарама тұз бассаң да.
Бойымды лепірте алса, асқан жігер,
Ол мені биігіне бастай жүрер?!
Ебім жоқ көдектейтін, көлгірситін,
Шамдансаң, аспаныңды тастап жібер.





Пікір жазу