25.08.2022
  73


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Асығамын

Жырым бар қауашығы ашылмаған,
Албырттау болар бәлкім жасында адам.
Бергенше Мүсілімнің* ұзын өмірін,
Бер, тағдыр, Ілиястың* басын маған.
От бардай өн бойымда маздаған бір,
Қинайды ұшпаған ой, жазбаған жыр.
Кім білсін, қайсы кезде ағыл-тегіл.
Ылықсып, төгілуге азғана-ақ жүр.
Өзіме дос табатын, қас табатын,
Күтем сол бақытымның сәт сағатын.
Кітапқа асықпаймын жастанатын,
Өлеңге асығам жұрт бас салатын…



1965 жыл




* Мүсілім Шерәлиев 163 жасқа келіп, қайтыс болған адам





Пікір жазу