25.08.2022
161
Жалғызілік
Етекті елпілдетіп қарбалас жай,
Қалдың ба, қайран мезгіл пайдаға аспай?!
Өлеңсіз айым өтті-ау, апта айналып,
Миуасы қысыраған алма ағаштай!
Кімге айтам, кімге өкпелеп, назданамын?!
Көп әлі жазғанымнан, жазбағаным.
Қызықтырған қиялды, уа, дариғай,
Төгіп-төгіп алар ма ем азғана күн!..
Жаюлы жыр тағы да қалды үзіліп,
Қандай адам көреді мәңгі қызық?!
Күрмеуіңе келмейтін қысқа жіптей,
Жалғанда жаман-ақ қой жалғызілік!
1969 жыл