25.08.2022
  116


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Жымқырма ақынға

Тапқандай таудан тегін ара балын,
Ойымның еншілепсің жарағанын.
Маңдай терім аузыма түсіп отыр,
Өртке кетіп қалғандай балаларым.
Кейпің келіп қылмысты тұл келінге,
Кездессем, қипақтайсың… білмедің бе?..
Бақытын басыңдағы жырымдаса,
Тіл шығып кетеді ғой кім де –кімге!
Жаңғыртып жаймағанмен даңқымды елше,
Тұнық ем тынып жатқан салқын көлше.
Қызғанбасаң, қызығып лайлапсың,
Періште-ай, жолдан тайған алтын көрсе!..



1968 жыл





Пікір жазу