25.08.2022
  69


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Хат

(Нағашы шешем Қанапияға)
Налыма, хатыңды алдым ғазиз анам,
Қозғалса, запыран мұң азады адам.
Көзіңнің тірісінде көрінбеуім,
Өмірі өтелмейтін жаза маған.
Бейуаз аңқау анам, табанды анам,
Немерең, келінің де, балаң да аман.
Айналдым қасиетті жүрегіңнен,
Біз үшін атша тулап алаңдаған.
Қайдағы секілденіп осал адам,
Ұлыңның өлеңіне босама анам.
Жол түсіп, жер кеңісе, Марқакөлге,
Екі-ақ күнде жетемін осы арадан.
Маядай мертіктірген ботасын оқ,
Пәниге кім қамықпас опасы жоқ?!
Сүйегін көре алмаған марқұмыңның ,
Сүйгізермін мұрасы, фотасы боп.



1970 жыл





Пікір жазу