23.08.2022
  308


Автор: Қажытай Ілиясұлы

Ән осындай

(әні бар)
Өрнегі ой мен сезім сарасындай,
Құлашы – көк пен жердің арасындай.
Кернейтін кең даланы шымырлатып,
Қажытай сері салған ән осындай.
Самалы салқын таудың сағасындай,
Толқыны тоқсан өзен саласындай
Құмары-ғашықтың көз қарасындай,
Қажытай сері салған ән осындай.
Жанардан жас парласа, қара судай,
Сипайтын маңдайыңнан жанашырдай.
Қазақтың жазылмайтын жарасындай,
Қажытай сері салған ән осындай





Пікір жазу