23.08.2022
98
Сергелдең
(әні бар)
Гүл қуған арадай,
Өзгеге қарамай,
Үздігем өнерге,
Құмарым тарамай!
Қайырма:
Сезінсең, сергелдең,
Саз екен тербелген.
Ән қалай тумайды,
Жөргегін сағынған ерлерден?!
Қайырылмас жастық-ай,
Қайран, ой тасқыны-ай!..
Жер-көкті шарлатқан,
Шипагер бақсыдай!
Қайырмасы:
Көксетсем, мұнардай,
Көргенде тұра алмай,
Көрісіп ауылым,
Шулайтын ұлардай.
Қайырма:
Енді алыс аралдай,
Аңсаймын, талардай…
Көңілде барамын,
Өңімде бара алмай.
Қайырма:
2001 жыл